Accessibility links

Ресей билігі Байқоңырдан кетпейтіндерін мәлімдеді


Бос қалған көпқабатты үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйел. Байқоңыр, 7 маусым 2016 жыл.
Бос қалған көпқабатты үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйел. Байқоңыр, 7 маусым 2016 жыл.

Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин "Ресей Байқоңырдан кеткелі отырған жоқ" деп мәлімдеді.

ТАСС агенттігі оның "Байқоңырдың болашағы зор, бұл біздің екі елдің бірлескен жобасы. Бұған Амур облысында Восточный ғарыш айлағының салынуы әсер етпейді" деген сөзін берді. Рогозин мұны шілденің 8-і күні Байқоңыр бойынша құрылған Қазақстан мен Ресейдің үкіметаралық комиссиясы отырысында айтты.

Рогозин Қазақстан қаржысына салынған медициналық блоктың іске қосылғанын да хабарлады.

Қазақстан вице-премьер Бақытжан Сағынтаев осы жиында Ресей Байқоңырдан 2025 жылдан кейін кетуі мүмкін екенін айтты.

«Интерфакс» агенттігі Сағынтаевтың "Біз Восточный айлағынан алғашқы зымыран ұшырылғанын көріп отырмыз. Енді Ресей біртіндеп өз айлақтарына көшетінін түсінеміз. Шамамен 2025 жылы Ресей Байқоңырды пайдаланудан бас тартуы мүмкін" деген сөзін таратты.

Мәскеуде журналистерге сұхбат берген ол Қазақстанның Байқоңырды басқа елдерге жалға беруі мүмкін екенін айтқан.

Ресей Байқоңырды 2050 жылға дейін жалға алған. Сағынтаевтың мәліметіне қарағанда, Ресей Байқоңырды жалдағаны үшін Қазақстанға жылына 120 миллион доллар төлейді.

XS
SM
MD
LG