Accessibility links

Жер комиссиясында жер бөлу шартын өзгерту жайлы айтылды


Жер комиссиясының отырысы. Астана, 9 шілде 2016 жыл.
Жер комиссиясының отырысы. Астана, 9 шілде 2016 жыл.

Вице-премьер, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Астанада өткен Жер комиссиясы отырысын қорытындылай келе, жұмыстың жақын арада аяқталмайтынын айтты.

Мырзахметов бүгінгі отырыстан жекелеген мәселелер бойынша тез жылжуға, саяси сипаты жоқ мәселелер бойынша шешімдер қабылдай беруге болатынын мәлімдеген.

Оның сөзіне қарағанда, комиссияның аймақтардағы жылжымалы отырысы жалғаса береді. Бұған дейін ондай отырыстар Алматы, Ақмола және Кызылорда облыстарында өткен еді.

Бұған дейін саясаттанушы Дос Кошім жер бөлу комиссиялары отырыстары ашық өтуі тиіс және оларға қарапайым азаматтар кіруі керек деген сарында сөйлеген еді. Ол комиссиялардың үштен бірі ғана нақты мамандардан тұруы тиіс, комиссияға заң бұзылмауын қадағалау үшін прокурорлар қатыссын деген идея айтқан.

Жергілікті БАҚ ақпараттарына қарағанда, бүгін Астанада Жер комиссиясы отрысында шекаралық жерлерді пайдалану, жайылым проблемалары, ел азаматтарына жерді жалға беру мәселелері талқыланған.

Сәуірдің 24-і күні Атырау қаласында «жер мәселесіне» қатысты өткен алғашқы ірі шеруден кейін Қазақстанның өзге де бірнеше қаласында көпшіліктің қатысуымен наразылық акциялары өтті. Осы шерулерден соң, мамырдың 5-і күні Қазақстан президенті жер кодексіндегі шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерін жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзарту және құрамында шетелдіктер бар серіктестіктерге сату туралы даулы баптарға жыл соңына дейін мораторий жариялап, үкімет жанынан жер реформасын қоғаммен талқылайтын комиссия құрылған.

XS
SM
MD
LG