Accessibility links

Сирияда ресейлік екі ұшқыш басқарған тікұшақты атып түсіргені хабарланды


Ресейлік әскери Ми-24 тікұшағы. Хмеймим, Сирия, 6 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ресейлік әскери Ми-24 тікұшағы. Хмеймим, Сирия, 6 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Сириядағы Пальмира қаласы маңында шілденің 8-і күні ресейлік екі әскери ұшқыш қаза тапқан деген болжам айтылып отыр. Оларды сириялық үкімет әскерінің Ми-25 тікұшағымен «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы орналасқан ауданда ұшып бара жатқан кезде жерден атып түсірген деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі.

«8 шілдеде ресейлік әскери ұшқыш-инструкторлар Ряфағат Хабибулин мен Евгений Долгин әскери қару-жарағы бар сириялық Ми-25 тікұшағымен Хомс провинциясында ұшып жүрген» деп хабарлаған Ресей қорғаныс министрлігінен «Интерфакс» агенттігіне.

Пальмира маңында тікұшақтың құлағаны туралы ақпарат шілденің 9-ы күні таңертең тараған. Экипаж мүшелерінің тағдыры жайлы нақты мәлімет жоқ.

Бұған дейін, 8 шілде күні кешкісін «Интерфакс» агенттігі Сирияның Хмеймиміндегі ресейлік әскери әуе базасының өкіліне сілтеме жасап, ресейлік әскери тікұшақтардың барлығы «аман-есен аэродромға оралған» деп хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG