Accessibility links

Түркиядағы жарылыстан алты солдат мерт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркияның Иракпен шекарасының маңында болған жарылыстан алты түрік солдаты мерт болды. Түркия әскерилерінің мәлімдеуінше, Иракпен шекара маңындағы Хаккяри провинциясындағы жолда кетіп бара жатқан әскери көлік жарылып, төрт солдат сол жерде қаза тапқан.

Ван провинциясындағы Эрджиш ауданында бомба қойылған көлік жарылып, бір солдат пен бір полиция мерт болған. Ресми Анкара бұл жарылысқа Күрдтер жұмысшы партиясын кінәлайды.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы зорлық-зомбылық 2015 жылы шілдеде Анкара мен Күрд жұмысшы партиясы арасында жасалған әлсіз бітім бұзылған соң күшейген.

Күрдтер Түркия билігінен автономия сұрап қарулы күрес бастаған 1984 жылдан бері қақтығыстардан 40 мыңға тарта адам құрбан болған.

XS
SM
MD
LG