Accessibility links

Шведова әлемдік рейтингте 49-орынға көтерілді


Ярослава Шведова.

Ярослава Шведова.

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA)11 шілдеде жарияланған әлемдік рейтингінде Ярослава Шведова 96-орыннан 49-орынға жоғарылады. Ол Лондонда аяқталған Wimbledon жарысының жекелей сынында ширек финалға жеткені үшін рейтингте 47 саты жоғарылады.

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева 39-орыннан 43-орынға, Зарина Дияс 99-орыннан 130-орынға сырғыды.

Рейтингте Wimbledon жарысында жеңіске жеткен америкалық Серена Уильямс бірінші орында, осы турнирдың финалына шыққан германиялық Анжелика Кербер екінші орында тұр.

XS
SM
MD
LG