Accessibility links

Мәскеудің "террористер тізіміне" Қырым журналистері енді


Қырымда шығатын газеттердің бірі (Көрнекі сурет).

Қырымда шығатын газеттердің бірі (Көрнекі сурет).

Ресей билігі 12 шілдеде Росфинмониторингте "террористер мен экстремистер тізіміне" 22 журналистің есімін енгізген.

Олардың қатарында Қырымдағы Азаттык атты жаңалықтар сайтының өкілі Микола Семена бар. Оған сайт арқылы Қырымдағы халықты сепаратистік қимылдарға шақырды деген айып тағылған. Тізімге Қырым аннексиясын сынап мақала жазған Юрий Ильченко, Ресей түрмесінде отырған Олег Сенцов пен Александ Колченко бар.

Тізімге журналистерден бөдек қоғамдық белсенділер, саяси тұтқындар және Қырым аннексиясын сынағандар кірген.

Росфинмониторинг Ресей президенті Владимир Путиннің бұйрығымен құрылған және тікелей оған бағынады.

АҚШ, батыс елдері және халықаралық ұйымдар Ресейдегі тәуелсіз басылымдарға қысым жасалып жатқанын жиі сынайды.

XS
SM
MD
LG