Accessibility links

Италияда пойыз апатынан 22 адам қаза тапты


Пойыз соғылған аймақ. 12 шілде 2016 жыл.
Пойыз соғылған аймақ. 12 шілде 2016 жыл.

Италияның оңтүстігінде екі жолаушылар пойызы соқтығысып, кем дегенде 22 адам мерт болған. 33 адам жарақат алған, оның 18-і ауыр халде жатыр.

Апат Пулия аймағындағы Бари қаласында болған. Ел үкіметінің мәлімдеуінше, пойыздағы жолаушылардың басым бөлігі Бари университетіне бара жатқан студенттер болған.

Тергеушілер бір пойыздың жылдамдықты асырғаны туралы дерек жариялап, апатқа адам факторы себеп болуы мүмкін деген мәлімдеме жасады. Тексеру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

2013 жылы Италия тарихындағы ірі жол апаты болған. Онда автобус жолдан шығып кетіп, 38 адам қаза болған.

XS
SM
MD
LG