Accessibility links

Тереза Мэй ресми түрде Ұлыбритания премьер-министрі болды


Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Тереза Мэй мен оның жұбайы Филипп Джон Даунинг-стриттегі үкімет үйі алдында. Лондон, 13 шілде 2016 жыл.

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Тереза Мэй мен оның жұбайы Филипп Джон Даунинг-стриттегі үкімет үйі алдында. Лондон, 13 шілде 2016 жыл.

Ұлыбритания Консервативтік партиясының жетекшісі Тереза Мэй патшайым Елизавета ІІ Дэвид Кэмеронның отставкасын мақұлдаған соң ресми түрде премьер-министр болып тағайындалды. Қызметіне кіріскенде жасаған алғашқы мәлімдемесінде Мэй Ұлыбритания Еуропа Одағынан шыққан соң "әділетсіздікпен" күресіп, "мықты Ұлыбритания құруға" уәде берді. Ол сонымен қатар Еуропа Одағынан шығуға дауыс берген Англия мен Уэльс және одақ құрамында қалуды қолдаған Шотландия мен Солтүстік Ирландия арасында бөлініс пайда болған тұста елдің тұтастығын сақтауға тырысатынын айтты.

Тереза Мэй Ұлыбританияда референдум өткен 23 маусымнан бері қор нарығында орнаған тұрақсыздықты бәсеңсітуге тырыспақ. Жаңа үкімет құрамында елдің Еуропа Одағынан шығуы жөніндегі келіссөз жүргізетін жаңа министрлік пайда болмақ.

Еуропа комиссиясының төрағасы Жан-Клод Юнкер Мэйді Брюссельмен келіссөзді барынша жылдам бастауға шақырды. Мэй бұған дейін Ұлыбританияның Еуропа Одағынан ресми түрде шығуына бастама болатын одақты құру туралы Лиссабон келісімінің 50-бабын жоюды 2017 жылға қалдыруы мүмкін екенін мәлімдеген.

Ұлыбританияның Еуропа Одағынан толықтай шығу процесіне екі жылдан көп уақыт кетпейді.

XS
SM
MD
LG