Accessibility links

БАҚ: Омар әл-Шишани Иракта мерт болды


Тархан Батрашвили, Омар әл-Шишани деген атпен белгілі ИМ командирлерінің бірі.

Тархан Батрашвили, Омар әл-Шишани деген атпен белгілі ИМ командирлерінің бірі.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы жүргізетін "Амак" ақпарат агенттігі содырлар жетекшілерінің бірі Омар әл-Шишани Ирактың Мосул қаласы маңында үкімет әскерімен ұрыста мерт болғанын хабарлады. ИМ жақтастары әлеуметтік желілерде Шишаниді мадақтайтын жазбалар жариялай бастады.

АҚШ пен ирак биліктерінің өкілдері және сириялық белсенділер наурыз айында Шишани Сирияда америкалық әуе күштерінің соққысынан мерт болғанын хабарлаған. "Амак" агенттігі ол кезде Шишанидің қазасын жоққа шығарғанымен, оның тірі екеніне дәлел келтірмеген.

Шишанидің қаза тапқаны жайлы жаңа хабардың қаншалықты рас екені әзірге белгісіз.

Грузияның Панкиси шатқалынан шыққан этникалық шешен, Омар әл-Шишани деген атпен белгілі Тархан Батрашвили бұған дейін Грузияның элиталық бөлімінде қызмет еткен. Ол ИМ-ге 2012 жылы қосылып, осы ұйымның ең қабілетті командирлерінің бірі саналған. Шишани АҚШ іздеу жариялаған содырлар қатарына іліккен. Оның қайда жүргені туралы ақпаратқа алты миллион доллар тігілген.

XS
SM
MD
LG