Accessibility links

Керри Мәскеуде Путинмен Сирия, Украина жайын талқылады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Мәскеудің Внуково-2 әуежайында. 14 шілде 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Мәскеудің Внуково-2 әуежайында. 14 шілде 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, Сирия және Украина мәселесін, екі жақты қарым-қатынастар жайын талқылады.

Кездесу алдында Керри АҚШ президенті Барак Обама мен өзі қазір АҚШ пен Ресей әлем үшін пайдалы көп нәрсе жасай алатын жағдайда тұрғанын айтты. Керридің сөзінше, әңгіме "тек Сирия, Украина туралы емес, екі жақ кәдімгідей жетістікке жете алатын ауқымды салалар туралы" да болады.

Кездесуге Ресей президентінің көмекшісі Владислав Сурков, АҚШ жағынан мемлекеттік хатшының көмекшісі Виктория Нуланд және АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Теффт қатысқан.

Америкалық кейбір басылымдардың хабарлауынша, Керри Мәскеуге Сирия мәселесіне қатысты бірнеше ұсыныспен барған. Олардың арасында терроризммен күресте үйлесе әрекет ету ұсынысы да бар.

Керри Мәскеуге 14 шілде күні кешке барған. Бүгін ол Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен жеке кездеседі.

XS
SM
MD
LG