Accessibility links

Моңғолияда Азия мен Еуропа елдері саммиті өтіп жатыр


Еуропа және Азия елдері басшыларының саммитіне жиналған мемлекет басшылары. Моңғолия, Улаан-Батор, 15 шілде 2016 жыл.

Еуропа және Азия елдері басшыларының саммитіне жиналған мемлекет басшылары. Моңғолия, Улаан-Батор, 15 шілде 2016 жыл.

Моңғолия астанасы Улаан-Баторда бүгін Еуропа және Азия елдері басшыларының саммиті өтіп жатыр. "Азия - Еуропа" саммиті Францияның Ницца қаласында болған шабуыл құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Екі күнге созылатын саммиттің күн тәртібінде терроризммен күрес мәселесі тұр. Екі жылда бір өтетін саммитке биыл 20 жыл толады. Саммит мемлекеттер арасындағы бірнеше сала, оның ішінде авиация және сауда салалары бойынша ынтымақтастық туралы келісім жүйесін нығайту үшін өткізіліп отыр. Қытай жиында Еуразия құрлығы елдерінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытуды көздейтін өзінің "Бір белдеу - бір жол" бағдарламасын ұсынуды жоспарлайды.

Азия және Еуропа елдері басшылары сонымен қатар Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуының салдарын да талқылауы мүмкін. Ұлыбританияда бірер күн бұрын ғана үкімет ауысқандықтан саммитке бұл елден жоғары деңгейдегі басшы қатыспайды.

Саммит аясында Германия канцлері Ангела Меркель Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесті. Олар Украинадағы қақтығысты және оны шешу үшін жасалған Минск келісімінің орындалу барысын талқылады.

XS
SM
MD
LG