Accessibility links

Қазақстан Баян-Өлгийге 200 мың доллардың гуманитарлық көмегін бермек


Баян-Өлгий аймағындағы селден кейінгі көрініс. Сурет Байыт Қабанұлы есімді әлеуметтік желі қолданушысының парақшасынан алынды.

Баян-Өлгий аймағындағы селден кейінгі көрініс. Сурет Байыт Қабанұлы есімді әлеуметтік желі қолданушысының парақшасынан алынды.

Қазақстан үкіметі Моңғолияның сел жүрген Баян-Өлгий аймағына 200 мың АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек береді деп хабарлады моңғолиялық mnb.mn сайты. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Улаан-Баторда Моңғолия премьері Жаргалтулг Эрденебатпен кездесуінде айтқан.

Кездесуде Мәсімов пен Эрденебат екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас, сауда-саттық саласындағы ынтымақтастық дамыту жайын талқылаған.

10 шілдеде этникалық қазақтар шоғырланған Баян-Өлгий қаласында су тасқыны жүріп, 100-ден аса үй қираған. 700-дей адам баспанасыз қалды. Ресми дерек бойынша апаттан бір бала қайтыс болған.

13 шілдеде Мәсімов Қазақстан Баян-Өлгийдегі селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсететінін және мұны президент Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғанын хабарлаған.

Баян-Өлгийде тұратын 90 мыңға тарта халықтың 88,7 пайызы - этникалық қазақтар.

Мәсімов Моңғолияға 15 шілдеде өтетін Еуропа және Азия елдері саммитіне қатысу үшін барған.

XS
SM
MD
LG