Accessibility links

Ажарқұлова сотта соңғы сөзін айтты


Белсенді Қыздығой Ажарқұлованың сот процессі өтіп жатқан Әл-Фараби аудандық соты. Шымкент, 15 шілде 2016 жыл
Белсенді Қыздығой Ажарқұлованың сот процессі өтіп жатқан Әл-Фараби аудандық соты. Шымкент, 15 шілде 2016 жыл

Бүгін Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотында «Баспанамызды қорғайық» қоғамдық ұйымының жетекшісі, «алаяқтық» бабы бойынша жауапқа тартылып жатқан Қыздығой Ажарқұлова соңғы сөзін айтты.

Ажарқұлованың соттағы соңғы сөзі
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:26 0:00
Жүктеп алу

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Ажарқұлованың соңғы сөзін тыңдауға 8 жәбірленушінің бір де бірі келмеді.

Ажарқұлова соңғы сөзінде екі ауыз сөз ғана айтты. Ол соттан «осы жасқа дейін ешкімді алдамағанын, өзін ақтауын» сұрады.

5 минутқа да жетпеген сот отырысының соңында судья Мадияр Әбдірасилов сот ақылдасу бөлмесіне кететінін, үкім қашан дайын болатыны белгісіз болғандықтан оқылатын уақыты екі тарапқа алдын-ала ескерілетінін айтты.

Адвокат Гүлнәр Жуаспаеваның Азаттыққа айтуынша, Ажарқұлованың ісі 3 айға созып, қарайтындай істің санатына кірмейді. «Ажарқұлованың үстінен сот қандай үкім оқылатыны белгісіз. Бірақ сот оны айыпты деп тапса, біз шағымданушы ары қарай жалғастырамыз. Тіпті Қазақстан соты оны ақтамаса, БҰҰ-ға шағым түсіреміз» дейді ол.

- Өйткені біздің қолымызда тергеу амалдары кезінде де, сот процесінде де Ажарқұлованың құқығының бұзылғанын дәлелдейтін дәлелдемелер бар. Егер бұл іс БҰҰ-ға жетсе стратегиялық іс ретінде қаралады, - дейді адвокат.

Өткен сот отырысында прокурор Мыңтаев соттан «Ажарқұлованы айыпты деп танып, мал-мүлкін тәркілеп төрт жылға бас бостандығынан айыруды, айыбын жалпы режимдегі түзету колониясында өтеу туралы үкім етуді» сұраған еді.

Қыздығой Ажарқұлова 2015 жылдың желтоқсан айынан бері Шымкенттегі тергеу изоляторында қамауда отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің Азаттық сауалына ақпанда берген жауабында «Баспанамызды қорғайық» қоғамдық бірлестігі жетекшісі 2009-2014 жылдары сенімге кіріп, қарыздарын жойып беремін деген уәдемен [борышкерлерге] жалпы сомасы 1 068 000 теңге (1 миллион 68 мың теңге – ред.) шығын келтірген. Нәтижесінде шағымданушылар банкке кепілге қойған жылжымайтын мүліктерінен айырылған» деп жазылған.

XS
SM
MD
LG