Accessibility links

Ниццада құрбан болғандарды Астанада еске алды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін таңертең Астанадағы Франция елшілігіне Ниццадағы оқиға құрбандарын еске алуға бірнеше адам келді. Елшілік аумағына кіруге рұқсат алған соң олар төмен түсірулі тұрған Франция туы түбіне гүл шоқтарын қойып, шырақ жағып, құрбан болғандарды үнсіз еске алды.

– Бастилияны алу күні болған жантүршігерлік оқиғада 84 адам көз жұмды. Франциядағы достарымыз өздерін қауіпсіз сезінбейтіндерін айтады, - дейді Шынар есімді тұрғын.

Елшілікке келгендердің арасында Астанада турист ретінде демалыста жүрген Антони есімді Франция азаматы да болды.

– Біз Франциядағы туған-туыстарымызға алаңдадық. Қатты қорықтық, - дейді ол.

Азаттық радиосы елшіліктегі шағын еске алу шарасынан Facebook желісінде тікелей трансляция жүргізді.

​Шілденің 14-і күні кешкісін Францияның Ницца қаласында Бастилияның алынған күніне арналған шараға жиналған жұртты үлкен жүк көлігін айдаған ер адам қатты жылдамдық таптап өткен. Ниццадағы шабуылдан 84 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Бұл қайғылы оқиғаға байланысты Франция аза тұту күні жарияланды.

XS
SM
MD
LG