Accessibility links

Алматыда террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланды


Террорлық қауіптің қызыл деңгейі деген не?
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:45 0:00

Террорлық қауіптің қызыл деңгейі деген не?

Алматыда бүгін сағат 12:20-дан бастап террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланды.

Бұл туралы хабарлаған Алматы қалалық ішкі істер департаменті қала тұрғындарын қызыл деңгейге қатысты қойылатын талаптарды сақтауға шақырады.

Ресми мәлімет бойынша, мұндай жағдай терроризм актісі болған кезде және терроризм актісі қайталануы мүмкін екендігі туралы нақтыланған ақпарат болған кезде жарияланады.

Алматыда таңертең сағат 10:30 шамасында белгісіз қарулы ер адам Қарасай батыр мен Байтұрсынұлы көшелері қиылысында орналасқан Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі жанында оқ атқан. Азаттық тілшілері ішкі істер бөлімінің қоршауға алынғанын, алайда ондағы полиция қызметкерлері ешқандай ақпарат бермейтінін айтады.

XS
SM
MD
LG