Accessibility links

Шабуылдан жараланған тағы бір полицей көз жұмды


Алматыдағы қалалық жедел-шұғыл көмек көрсету ауруханасы. 18 шілде 2016 жыл.

Алматыдағы қалалық жедел-шұғыл көмек көрсету ауруханасы. 18 шілде 2016 жыл.

Алматыдағы шабуылдан жараланған тағы бір полицей көз жұмды деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Осымен шабуылдан қаза тапқандар саны алты адамға жетті.

Оның сөзінше, жол-патруль полициясы арнайы батальонының аға инспекторы, 1986 жылы туған Тимур Бегасылов жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде бүгін түс кезінде көз жұмған.

Полиция лейтенанты Тимур Бегасылов шабуыл кезінде Абылай хан даңғылы бойында жол-патруль полициясы арнайы батальоны құрамында қызметте болған. Салтанат Әзірбектің айтуынша, Бегасылов Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасаған адамның оғынан жараланып, ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген.

Марқұм ішкі істер органдарында 2015 жылдың қаңтарынан бері қызмет еткен.

Алматыда 18 шілде күні күндіз ІІБ мен ҰҚК департаментіне жасалған шабуылдан бұған дейін ресми мәлімет бойынша үш полиция қызметкері мен екі тұрғын қаза тауып, жеті адам жараланғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG