Accessibility links

ҰҚК терроризмге қарсы заңды күшейтуге шақырды


Владимир Жұмақанов, ҰҚК төрағасы
Владимир Жұмақанов, ҰҚК төрағасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Владимир Жұмақанов экстремистік және террористік сипаттағы қылмыс үшін жазаны күшейтетін заң жобасы даярланғанын хабарлады. Бұл туралы ол бүгін Астанада үкімет отырысында айтты. Үкімет жиыны Алматыдағы шабуылдарда қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

ҰҚК төрағасы үкімет қарауына ұсынылған өзгерістерде экстремизм мен терроризм үшін жауапқа тартылған қылмыскердің дүние-мүлкін тәркілеуді міндетті ету туралы ереже барын айтты. Өзгерістерде терроризмге қарсы заңнамаларға сай террористік қауіптен жеткілікті түрде қорғалмаған мекемелер қызметін заң талабы орындалғанға дейін тоқтату туралы ұсыныс барын да айтты.

Үкімет жиынында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов министрлік заңға шетелде әскери қимылдарға қатысқандарды азаматтықтан айыру туралы өзгерістер дайындап жатқанын айтты.

Алматыда 18 шілдеде қарулы адам аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуылдап, ресми мәлімет бойынша алты адам - оның ішінде үш полицей мен екі бейбіт тұрғын қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG