Accessibility links

Мұхамедиұлы: Қажылыққа баратындарды бақылауға алу керек


Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қажылыққа баратындарды бақылауға алатыны жөнінде айтты.

Үкімет жиналысында сөйлеген Мұхамедиұлы бұл шетелде қажылық жасайтын Қазақстан азаматтарының радикалды идеологияны жұқтыру қаупінің алдын алу үшін жасалатын шара екенін айтты.

Министр сонымен бірге Қазақстан заңнамасына «діни фанатизм» және «діни радикализм» терминдерін енгізу және оларға тыйым салу туралы жұмысшы топ құрылғанын мәлім етті. Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына «діни рәсімдерді біртекті өту» туралы ұсыныс жасайтынын айтты.

- Діни бірлестіктерге, бірінші кезекте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына барлығына ортақ діни рәсімдер өткізу тәртібін бекіту туралы ұсыныс жасаған дұрыс. Діндар азаматтар тарапынан мұсылмандардың арасындағы қарама-қайшылықтарды жою үшін діни рәсімдер өткізу тәртібін біртекті қылу туралы өтініштер айтылып жүр, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

XS
SM
MD
LG