Accessibility links

Ереванда қақтығыстан бірнеше полицей жараланды


Еревандағы полицияның наразы топпен қақтығысы. Армения, 19 шілде 206 жыл.

Еревандағы полицияның наразы топпен қақтығысы. Армения, 19 шілде 206 жыл.

Ереванда радикалды белсенділермен қақтығыста төрт полиция қызметкері жараланды. Азаттықтың Армян редакциясының хабарлауынша, басып алынған полиция бөлімінің полиция қоршауындағы территориясына парламенттегі оппозициялық "Армян ұлттық конгресі" қозғалысының депутаты Никол Пашянинмен бірге Азаттықтың операторы және тілшісін де кіргізген. Бірнеше полиция қызметкерін кепілге алған топпен қарсылық төртінші күнге жалғасты.

Депутат полицейлермен бірге қауіпсіз аймаққа кірген соң қоршаудағы территорияның ар жағында бір топ азамат қоршауды бұзбақ болғанын айтқан. Топ адам полицейлерге тас пен басқа да заттар лақтырған. Салдарынан үш немесе төрт полицей жараланып, ауруханаға жеткізілген. Пашянин ешкім қоршауды бұзбағанын және ешкім ұсталмағанын айтқан.

Бұған дейін оппозициялық "Құрылтай парламенті" қозғалысының бір топ белсендісінің полиция ғимаратын басып алуына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қарулы топ кепілде бірнеше полиция қызметкерін ұстап отыр. Армян ақпарат құралдары қарулы топпен келіссөз жалғасып жатқанын хабарлады.

17 шілдеде таңертең "Құрылтай парламентінің" үйлестірушісі Жирайр Сефиляннің қарулы жақтастары Ереванның Эребуни ауданында полиция патрулі полкі штабын басып алып, он шақты полиция қызметкерін кепілге алған. Шабуыл барысында полк командирінің орынбасары Артур Ваноян қаза тауып, төрт полицей жараланған. Шабуыл жасағандар Сефилянді босатуды талап етеді.

XS
SM
MD
LG