Accessibility links

Алматыдағы бірнеше көшеден полиция қоршауы алынды


Алматы көшелеріндегі күшейтілген қауіпсіздік шарасы. 20 шілде 2016 жыл.

Алматы көшелеріндегі күшейтілген қауіпсіздік шарасы. 20 шілде 2016 жыл.

Алматыда Зенков, Мақатаев және Гоголь көшелері мен Абдуллиндер көшесі аумағындағы полиция жасағы қоршауы алына бастады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Аталған көшелер периметрін қоршау бүгін таңертең сағат 9 шамасында басталған. Аумаққа полиция жасағы тартылып, полицияның бірнеше "Газель" көлігі, бортында әлдебір техникасы бар әскери үлгідегі "КамАЗ" көлігі байқалған. Азаттық тілшісі қоршау уақытында ұялы телефондағы интернеттен файлдар жіберу қиындағанын айтады. Зенков пен Абдуллиндер көшелерінде қозғалысқа шектеу қойылған.

Қалалық ішкі істер депаратаменті аталған көшелерде полиция жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатқанын ғана айтып, басқа ақпарат бермеген.

Полицияның "жедел іздестіру шаралары" бүгін Алматыда 18 шілдеде шабуылдан қаза тапқан полиция қызметкерлерімен қоштасып, ақтық сапарға шығарып салу рәсімімен қатар жүрді.

18 шілдеде Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне қарулы адам шабуыл жасап, салдарынан үш полицей, шекара қызметінің бір сарбазы және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Қаза тапқан полиция қызметкері Аян Ғалиев пен отставкадағы полиция подполковнигі Ғани Нұримановпен қоштасу орталықтағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Рәсім кезінде спорт сарайы маңында да полиция қызметкерлерінің қарасы басым болды.

  • 16x9 Image

    Жалғас ЕРТАЙ

    Жалғас 2015 жылдан бері Азаттықтың әлеуметтік желілердегі комьюнити менеджері ретінде жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG