Accessibility links

ҚАЖК: Түрмеде тұтқындар радикалданбайды


Қазақстандағы қатаң режимдегі колониядағы камера (Көрнекі сурет).

Қазақстандағы қатаң режимдегі колониядағы камера (Көрнекі сурет).

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев Қазақстан түрмелеріндегі сотталғандар радикалдық ағымдар ықпалына ұшырайды дегенмен келйспейді. Астанада пробация туралы заң жобасын талқылаған отырыс арасында Аюбаев түрмелерде терроризм және экстремизм айыбымен сотталғандармен профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін айтты.

"Экстремизм айыбымен сотталғандар бар. Біз олармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргіземіз. Біз ғана емес, басқа да мамандар, теологтар жұмыс жасайды. Нақты жұмыс жасалады. Адам түрмеге түсіп, идея сіңіреді дегенмен келіспеймін" деді Мейрам Аюбаев.

Оның сөзінше, үкімет Алматыда 18 шілдеде болған оқиғаларды зерттеп, талдап, заңға тұтқындарды әлеуметтендіруге қатысты түзетулер жасап шыққан. Алматыда 18 шілдеде қарулы адам аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасап, салдарынан төрт полицей мен бір шекарашы және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуылдан алты адам жараланған. Оқиғалардан соң ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов шабуылға күдікті деп ұсталған, бұрын сотталған Руслан Күлекбаевтың "түрмеде салафиттермен жақын болғанын" айтқан.

ҚАЖК мәліметі бойынша, Қазақстан түрмелерінде 36 мыңға тарта тұтқын отыр.

XS
SM
MD
LG