Accessibility links

Терроризм туралы "жалған ақпарат тарату" күдігімен екі адам қамалды


Алматыдағы шабуыл орындардың бірі. 18 шілде 2016 жыл.

Алматыдағы шабуыл орындардың бірі. 18 шілде 2016 жыл.

Алматыдағы шабуылда теракт туралы жалған ақпарат таратты деген күдікпен екі адам ұсталды деп хабарлады қалалық ішкі істер департаменті (ІІД).

ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, полиция жалған ақпарат таратты деген күдікпен Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті, 1995 жылы туған Ч. есімді азамат пен 1993 жылы туған тағы бір тұрғынды анықтаған. Полицияның мәліметінше, Ч. есімді тұрғын әлеуметтік желіде Алматыдағы "City Plus" сауда үйінде адамдарды кепілге алғаны және адам шығыны бары туралы ақпарат таратқан.

Ал екінші күдікті әлеуметтік желіде қаланың төменгі бөлігінде "100 қарулы адамның адамдарды атып, қырып келе жатқаны" туралы жалған ақпаратты әдейі таратқан.

18 шілдеде Алматыда полиция бөлімі мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл кезінде және одан соң көшеде қарудан оқ атылып, салдарынан алты адам қаза тауып, алты адам жараланған. Шабуылға күдікті ретінде Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев ұсталған.

18 шілдеде шабуылдан соң ұзамай әлеуметтік желілерде қаланың бірнеше жерінде атыс болып жатқан, "Қапашағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалғаны", "қаланың төменгі бөлігінде қарулы топ тұрғындарды атып келе жатқаны", "темір жол вокзалында өрт шыққаны" туралы ақпар тараған. Кейін құзырлы органдар бұл ақпараттарды жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG