Accessibility links

Иракта жанкешті полиция бекетінде жарылыс жасады


Коммуналдық қызмет өкілдері мен полиция Бағдадтың Кадимия ауданына кіреберісте болған жарылыс орнын тазалап жатыр. Ирак, 24 шілде 2016 жыл.

Коммуналдық қызмет өкілдері мен полиция Бағдадтың Кадимия ауданына кіреберісте болған жарылыс орнын тазалап жатыр. Ирак, 24 шілде 2016 жыл.

Ирак астанасы Бағдадта полицияның бақылау-өткізу пунктінде жанкешті жарылыс жасады. 24 шілдеде болған жарылыстан қаза тапқандардың нақты саны әзірге белгісіз. Ресми агенттіктің Ирак билігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Бағдадтың шииттер тұратын Кадимия ауданына кіреберісте болған жарылыстан 6-дан 15 адамға дейін мерт болуы мүмкін. Жиырма шақты адам жараланған. Дәрігерлер Associated Press агенттігіне қаза тапқандардың үшеуі полиция қызметкерлері екенін айтады.

Жарылыс жауапкершілігін экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымы мойнына алды. ИМ 3 шілдеде Бағдадта болған, 290-нан астам адам қаза тапқан жарылысты да мойнына алған. Бұл топ осы шабуылдан кейін шииттердің Балад кесенесіне жасалып, 40 адам қаза тапқан шабуылды да мойнына алған.

XS
SM
MD
LG