Accessibility links

Биржада теңге бағамы төмендеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бүгін 343 теңге 72 тиынға қымбаттады. Биржада соңғы үш айда доллар бағамы бұл деңгейге жетпеген. Биржадағы саудада доллар бағамы Қазақстан ұлттық банкінің 25 шілдеде белгілеген ресми бағамынан 2 теңге 21 тиынға қымбат.

Қазақстан теңгесінің бағамы әлемде мұнай бағасының арзандауымен қатар төмендеп жатыр. Қазір әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай баррелі 45,7 доллар.

Өткен жылы тамызда Қазақстан билігі теңге бағамын белгіленген шекте ұстап тұру саясатынан бас тартып, теңгені еркін айналымға жіберген. Содан бері теңге долларға шаққандағы бағамының шамамен 86 пайызына құлдырады. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев биыл ұлттық банк теңге бағамына ықпал етпейтінін, биржадағы саудаға мүлдем араласпайтынын және айырбас бағамы бойынша болжам жасамайтынын бірнеше рет айтқан.

XS
SM
MD
LG