Accessibility links

Калеева: Қазақстанға БАҚ туралы жаңа сапалы заң керек


Тамара Калеева.
Тамара Калеева.

"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы мен Қазақстан журналистер одағының жетекшісі Тамара Калеева бұқаралық ақпарат құралдарына бақылауды күшейтетін заңға енгізілетін өзгерістерге қатысты пікір білдіріп, Қазақстанда БАҚ туралы "жаңа сапалы" заң қабылдау қажетін мәлімдеді. Калеева бұл туралы Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа жазған ашық хатында айтты. Ашық хат "Әділ сөздің" сайтында жарияланды.

Калееваның пікірінше, заңға енгізуді жоспарлаған өзгерістер арқылы журналистерге "іс жүзінде орындалмайтын" міндеттер қойылмақ.

"Бізге БАҚ туралы, қалай жазу, бақылауға алу, қорқытып, жазалауды үйретпейтін жаңа сапалы заң әлдеқашаннан керек" дейді Калеева. Оның сөзінше, БАҚ туралы жаңа заң "қазақстандық басылымдарда шынайы бәсекелестік тудырып, шығармашылыққа ынталандыруы және қоғамдық пікір тудырып, оны көрсетуге мүмкіндік жасауы тиіс.

Zakon.kz сайтында жарияланған заң жобасы туралы ақпарат бойынша, журналистер ақпараттың шынайылығын тексеруге және жеке адамның өмірі мен жеке бас мәліметтерін жариялауға рұқсат алуға міндеттеледі. Сонымен қатар заң жобасында тұтыну контентімен және жеке бас мәліметтерімен жұмыс істегенде, оның ішінде комментарий және оқырманға хат жазғанда заңды сақтауға қатысты өзгеріс енгізу қарастырылған.

Заң жобасы авторларының пікірінше, БАҚ туралы заңға ұсынылған өзгерістер "журналистердің әлеуметтік жауапкершілігі мен ақпарат саласында құқықтық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді".

XS
SM
MD
LG