Accessibility links

Әзербайжан жоғарғы соты президент өкілеттігін ұзартуды мақұлдады


Ильхам Әлиев, Әзербайжан президенті.

Ильхам Әлиев, Әзербайжан президенті.

Әзербайжан жоғарғы соты президент Ильхам Әлиевтің президенттік өкілеттігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзарту ұсынысын мақұлдады. Соттың бұл мақұлдауы - ұсынысты ратификациялаудағы алғашқы кезең. Дегенмен, сот шешімінде процесс жалғасы үшін конституцияға өзгеріс енгізіп, референдум өткізу қажеті айтылады.

Әлиев Әзербайжанды 2003 жылдан бері басқарып келеді. Оның үшінші президенттік мерзімі 2018 жылы аяқталады. 2009 жылы өткен референдумда президенттікке екі реттен артық сайланбау туралы ереже жойылған. Әлиев президент қызметінде қайта сайлану арқылы өмір бойына қала беруі мүмкін.

Биліктің әрекетін сынайтындар президенттік өкілеттікті ұзарту бастамасын заңсыз және демократияға қайшы дейді.

XS
SM
MD
LG