Accessibility links

АҚШ Гуантанамодан Ресейдің соңғы тұтқынын босатпақ


Гуантанамо тұтқыны Равиль Мингазовтің совет армиясында әскери қызметте жүрген кезі.

Гуантанамо тұтқыны Равиль Мингазовтің совет армиясында әскери қызметте жүрген кезі.

АҚШ билігі Гуантанамодан бұрынғы совет әскери қызметкері, балет бишісі, түрмеде 14 жылға жуық уақыт отырғна Равиль Мингазовты босатуды мақұлдады. Мингазов - Кубадағы америкалық түрмеде отырған тоғыз ресейліктің соңғысы.

Мингазов түрмеден босау құқығын президент Барак Обама әкімшілігінің жоспары бойынша иеленбек. Ол жоспар бойынша, АҚШ қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін тұтқындар Гуантанамодан босатылады.

48 жастағы Мингазов Ауғанстанда талибтер жағында НАТО-ға қарсы соғысты деп айыпталған. Пентагонның мәліметінше, Мингазовтың "Өзбекстан ислам қозғалысы" (ӨИҚ) және "Әл-Қаида" ұйымдарымен байланысы бар. Этникалық татар Мингазов Пәкістанда Гуантанамода отырған Абу Зубайданың террористік ұйымының "келіссөз жүргізетін адамдарымен" байланысы бар ғимаратта қолға түскен.

Ресей билігі Мингазовтың түрмеге жабылуын сынап, оны отанына қайтарылуы тыһиіс деп мәлімдеген. Бірақ Пентагон Мингазов Ресейге оралғысы келмейді және оған өз елінде қылмыстық қудалауға ұшырау қаупі себеп болуы мүмкін дейді.

Мингазовтың өзі кезінде Ресейден бұл елдегі мұсылмандарға деген қарым-қатынас ұнамайтындықтан кеткенін мәлімдеген. Пентагонның мәліметінше, Мингазов Ресей билігін "қатты жек көреді" және Гуантанамода тұтқындарға деген қарым-қатынас Ресейдегіден әлдеқайда жақсы екенін айтып, өз еліне барғысы келмейді.

XS
SM
MD
LG