Accessibility links

Түркияда бүліктен соң НАТО-дағы түрік генералдары ұсталды


НАТО туы (Көрнекі сурет).

НАТО туы (Көрнекі сурет).

Түркия билігі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен соң қудалау шараларын күшейтіп, НАТО-ның Ауғанстандағы күштері құрамында қызмет ететін генералдарды ұстады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, генерал-майор Мехмет Джахит Бакир мен бригада генералы Сенер Топуч Дубайдың халықаралық әуежайында ұсталған.

Мехмет Джахит Бакир - Ауғанстандағы түрік әскерінің қолбасшысы. Сенер Топуч түрік құрлықтағы күштерін тағайындау департаментін басқарады. Мемлекеттік Anadolu агенттігінің мәлімдеуінше, олар Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері арнайы қызметтерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде ұсталған. Қазір генералдарды Түркияға апара жатыр.

НАТО-дағы Түркия әскерінің өкілі "контингент қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын" ғана айтып, басқа ақпарат беруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG