Accessibility links

Түркия елшілігі Азаттық тілшілерін брифингке тіркемеді


Түркия туы (Көрнекі сурет).

Түркия туы (Көрнекі сурет).

Түркиядағы төңкеріс әрекеті жайлы Астанадағы Түркия елшілігінде сағат 14:00-ге жоспарланған брифингке Азаттық тілшілерін тіркемеді. Бұл туралы журналистерді тіркеумен айналысқан Түрік мәдени орталығының қызметкері телефонда айтты. Орталықтың өзін Қасиет деп таныстырған қызметкері Азаттық тілшісіне "журналистер санының шектеулі екеніне байланысты тізімге сыймай тұрғанын" айтты.

Азаттық тілшілері жоспарлы брифингке кеше өтініш білдірген болатын. Түркия елшілігінің аты-жөнін толық атағысы келмеген қызметкері Азаттыққа брифинге қатысатын журналистерді Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уяныктың өзі таңдайтынын айтты.

- Оны елшінің өзі айтады. Қай БАҚ-тан кім келетінін өзі таңдайды, - деді өзін хатшы Ермахан деп қана таныстырған елшілік қызметкері.

16 шілдеге қараған түні Түркияда әскерилердің бір бөлігі мемлекеттік төңкеріс жасамақ болып, билік оны басып тастаған. Бүліккке қатысы бар, Гүленмен байланысты деген күдікпен бірнеше мың адам ұсталып, ондаған мың адам жұмысынан босатылған. Ресми Анкара АҚШ-тан Гүленді экстрадициялауды сұраған. Гүлен бүлікті айыптап, оған өзінің қатысы барын жоққа шығарады. Түркияның бірқатар елдердегі елшілері төңкеріс әрекеті мен «гүленшілерді» қудалауға» шақырған мәлімдемелер жасаған болатын.

XS
SM
MD
LG