Accessibility links

Кабулде қонақүйде жарылыс болды


Кабулдегі шабуылдардың бірінен кейін оқиға орнында жүрген қауіпсіздік күштері. Ауғанстан, 23 шілде 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Кабулдегі шабуылдардың бірінен кейін оқиға орнында жүрген қауіпсіздік күштері. Ауғанстан, 23 шілде 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Ауғанстан астанасы Кабулдың орталығында бүгін таңертең қонақүй мен логистикалық орталықта жарылыс болды. Әзірге жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бару туралы мәлімет жоқ. Ауғанстан күштік құрылымдарындағы дереккөздері Кабул халықаралық әуежайына жақын ауданда орналасқан Northgate Hotel қонақүй қақпасын жарылғыш зат тиелген жүк көлігі бұзып өткен соң кем дегенде төрт содыр қонақүй территориясына басып кіргенін айтады.

Ондаған километр қашықтыққа естілген жарылыстан соң Кабулдің көп бөлігінде электр жарығы сөнді. Шабуыл жауапкершілігін "Талибан" қозғалысы мойнына алды.

Northgate Hotel қонақүй болуымен қатар Ауғанстанда келісім-шартпен азаматтық және әскери қызмет ететіндерді материалдық-техникалық жабдықтайтын орталық саналады.

Ауғанстанда қоғамдық нысандардың қауіпсіздігін ішкі істер министрлігі жанында жұмыс істейтін қоғамдық қорғау күштері бақылайды. 2013 жылы Northgate Hotel-ге дипломатиялық нысан мәртебесі беріліп, қонақүй шетелдік жекеменшік ұйымның жеке күзетінде қалған.

XS
SM
MD
LG