Accessibility links

Қазақстан мектептеріндегі оқу жылының ұзақтығы белгіленді


Алматыдағы мектептердің бірі (Көрнекі сурет).

Алматыдағы мектептердің бірі (Көрнекі сурет).

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев орта мектептердегі 2016-2017 оқу жылы мен демалысының мерзімі туралы бұйрық шығарды.

Құжат бойынша, мектепке дейінгі сыныптар 32 апта, 1 сынып – 33 апта және 2-11 сыныптар 34 апта оқиды. 1-11 сыныптар күзде 7 күн (31 қазан – 6 қараша), қыста 10 күн (30 желтоқсан - 8 қаңтар) және көктемде 13 күн (21 наурыз - 2 сәуір) демалады.

Мектепке дейінгі сыныптар күзде 7 күн (31 қазан - 6 қараша), қыста 14 күн (26 желтоқсан - 8 қаңтар) және көктемде 15 күн (21 наурыз - 4 сәуір) демалады. Мектепке дейінгі және 1 сыныптарға 7 күн (2017 жыл 1-7 ақпаны аралығында) қосымша демалыс беріледі.

XS
SM
MD
LG