Accessibility links

Дағыстанның Махачкала қаласында мейрамханада жарылыс болып, кем дегенде 23 адам жараланды. Олардың кейбірінің халі ауыр. Дағыстан ішкі істер министрлігі 1 тамызда болған жарылыс мейрамханадағы табиғи газ себеп болуы мүмкін дееп мәлімдеді.

Дағыстанның денсаулық сақтау министрлігі 23 адамның аурханаға жатқызылғанын, олардың бесеуі ауыр халде жатқанын хабарлады. Министрліктің мәліметінше, жаралылардың кейбірінің денесін түгелдей күйік шалған.

Жарылыс орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Жарылыстан соң мейрамхана ғимараты өртенбеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG