Accessibility links

Түркияда жарылыстан 5 полиция қызметкері қаза тапты


Түрік полициясы (Көрнекі сурет).

Түрік полициясы (Көрнекі сурет).

Түркияның оңтүстік-шығысында жарылыс болып, салдарынан құқық қорғау органдарының бес қызметкері қаза тапты. Күрдтер басым тұратын Бинголь провинциясы губернаторының хабарлауынша, 1 тамызда болған жарылыстан тағы үш адам жараланған. Қаза тапқандар мен жараланғандардың барлығы жарылыс болған кезде бір көлікте келе жатқан.

Губернатор жарылысты күрдтердің тәуелсіздік алуын көздейтін және Түркия мен Батыс елдерінде террористік ұйым саналатын Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелерінен көреді. 1984 жылдан бері партияның астыртын әрекетінен 40 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Шабуыл мен зорлық-зомбылық өткен жылы күрдтер мен Түркия билігі арасында бейбіт келіссөз сәтсіздікке ұшыраған соң басталған. Өткен аптада Хаккари провинциясында сегіз әскери қызметкер мен 35 күрд жасағы мерт болған.

XS
SM
MD
LG