Accessibility links

Украин саясаткерлері Трамптың Қырым туралы сөзін сынады


Дональд Трамп.

Дональд Трамп.

Украин саясаткерлері АҚШ президенттігіне Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамптың Қырымға қатысты сөзін сынады. Трамп 31 шілде күні берген сұхбатында егер президент болып сайланса Ресейдің 2014 жылы наурызда Қырым түбегін Украинадан аннексиялап алуын мойындау мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеген.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков Facebook-тегі парақшасында Трамптың сөзін "сөкеттік" деп атады. Ол сонымен қатар "Путин диктатурасын қолдайтын маргинал АҚШ пен әлемде демократиялық еркіндікке кепіл бола алмайтынын" да айтты.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Арсений Яценюк Трамптың мәлімдемесін "еркін әлемнің құндылықтарына доқ көрсету" деп атады. "Мұны надандық деуге келе ме екен. Бұл - моральдық және өркениеттілік ұстанымдарын бұзу" деді Яценюк.

XS
SM
MD
LG