Accessibility links

Хаменеи: Ирандықтар ядролық келісімнен пайда көрмей тұр


Аятолла Әли Хаменеи, Иранның рухани көсемі.

Аятолла Әли Хаменеи, Иранның рухани көсемі.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қарапайым ирандықтар әлемдік державалармен жасалған ядролық келісімнен әлі пайда көре алмай отыр деп мәлімдеді. Келісім бойынша Тегеран ядролық бағдарламасын шектеп, Иранға салынған экономикалық санкциялар алынған.

1 тамызда Тегеранда сөйлеген Хаменеи санкциялардың жойылуы ирандықтардың күнделікті өмірінде байқалмағанын айтты. Хаменеи барлық санкциялар бірдей алынбағанын айтады.

Иран көсемі Иранға қатысты санкциялардың әрекет ету мерзімі бірден тоқтатылуы тиіс болғанын, бірақ АҚШ санкцияларды кезең-кезеңімен жойғанын айтты. Ол шетелдік компаниялар Иранға инвестиция салуға асықпайтынын да жеткізді. Хаменеи АҚШ-ты "жалған уәде берді" деп сынап, Тегеран "енді Американың уәдесіне сенбеуі тиіс" екенін мәлімдеді.

Иран президенті Хамман Роухани санкциялар жойылған соң Иран экономикасы дамып, елде жаңа жұмыс орындары ашылатынына уәде еткен. Әуелде келісімді біраз қолдаған Хаменеи кейін оған қол қойылған соң үнемі сынап келеді.

XS
SM
MD
LG