Accessibility links

Вашингтонда Керри Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерімен кездеседі


АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі. Самарқанд, 1 қараша 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі. Самарқанд, 1 қараша 2015 жыл.

Вашингтонда бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан сыртқы істер министрлерімен кездеседі. Кездесудің күн тәртібінде аймақтық қауіпсіздік, экономикалық байланыстарды нығайту, қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруі проблемалары және гуманитарлық мәселелер бар.

Керри мен бес ел министрлері сонымен қатар өткен жылы қарашада Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен осындай кездесуден кейін жұмысшы тобы даярлаған бес жобаны да талқылайды деген жоспар бар.

Орталық Азияның бес ел сыртқы істер министрлері Вашингтонға сапарында сонымен қатар жетекші сараптама орталықтары басшыларымен аймақтың даму келешегіне қатысты пікір алмасады.

Бұл кездесуден соң министрлер АҚШ сауда палатасының іскерлік форумы аясында ірі америкалық компаниялар басшыларымен аймақ дамуына қатысты мәселелерді талқылайды. Сауда палатасы сонымен бірге Орталық Азия мемлекеттерінің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына орай және аймақ елдерінің АҚШ үкіметімен, іскерлік және ғылыми орта, мәдени ұйымдармен әріптестік орнату құрметіне мәдени қабылдау ұйымдастырады.

XS
SM
MD
LG