Accessibility links

Трамп Обаманың президенттік кезеңін "апат" деп атады


Дональд Трамп.
Дональд Трамп.

АҚШ президенттігіне Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамп Барак Обаманың президенттік қызметте отырған кезеңін "апат кезеңі" деп атады. Трамп мұны Обама өзін "президент қызметіне лайық емес" деп атаған соң айтты.

Трамп Fox News-ке берген сұхбатында "Ол әлсіз болды, өзінің нәтижесіз екенін көрсетті" деді Обама туралы. Ол Обаманы "Сірә, ел тарихындағы ең нашар президент болған болар" деді.

"Украинаға қараңыздар. Ол Украинадағы жағдай туралы айтады және Ресейге қатысты қалай қатаң әрекет етеді. Ал олар осы уақытта Қырымды алып қойды" деді Трамп. Осы аптада республикашылдар кандидаты егер президент болып сайланса Қырымды аннексиялап алуды мойындау мәселесін қайта қарауы мүмкін екенін айтқан.

Бұған дейін Барак Обама Трамптың Иракта тегі мұсылман америкалық әскери қызметкер отбасының қаза табуына байланысты айтқан даулы пікірі оның ел президенті болуға біліктілігі жетпейтінін көрсетеді деген. Обама Трамптың кейбір маңызды мәселелер бойынша базалық білімі жоқ деген.

АҚШ-та президент сайлауы 8 қарашаға белгіленген.

XS
SM
MD
LG