Accessibility links

Рио-де-Жанейрода Олимпиаданың алғашқы ойындары басталды


Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының белгісі (Көрнекі сурет).

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының белгісі (Көрнекі сурет).

Рио-де-Жанейрода 3 тамызда Олимпиада ойындарының алғашқы жарысы - футболдан әйелдер құрамалары арасындағы іріктеу матчтары басталды. Олимпиаданың ашылу салтанаты 5 тамызда өтеді. Алғашқы іріктеу матчында Швеция мен Оңтүстік Африка Республикасының командалары кездесіп, Швейция құрамасы 1:0 есебімен жеңді.

Ойын өткен стадионның жартысы бос тұрды. Стадион 60 мың адамға есептелген. Бұл стадионда жеңіл атлеттер жарысы да өтеді. 3 тмызда барлығы алты матч өтуі тиіс болған.

Футболдан ерлер құрамалары арасындағы іріктеу матчтары 4 тамызда басталады.

XS
SM
MD
LG