Accessibility links

Түркия билігі Фетхулла Гүленді қамауға ордер берді


Фетхулла Гүлен

Фетхулла Гүлен

Стамбул соты АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхулла Гүленді мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды деген айыппен қамауға алуға ресми түрде ордер шығарды. Пенсильвания штатында тұратын Фетхулла Гүлен Түркияда 15 шілдеде болған бүлікке қатысы барын жоққа шығарады. Ол басқаратын ұйым өзінің мақсаты - қайырымдылық көрсету және толерантты исламды насихаттау дейді.

Анкара бұған дейін АҚШ үкіметін Гүленді қайтаруға бірнеше рет шақырған. Түркия билігі Вашингтонға "Гүленнің төңкеріске қатысы барын көрсететін" құжаттарды жолдаған. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің сөзінше, Вашингтон Гүленді экстрадициялау мәселесін қарауы үшін оның кінәлі екеніне бұлтартпас айғақтар керек.

XS
SM
MD
LG