Accessibility links

Ресейдің 270 спортшысына Рио Олимпиадасына қатысуға рұқсат етілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей олимпиада комитетінің басшысы Александр Жуковтың айтуынша, Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Бразилияда өтетін Олимпиадаға Ресейден 271 спортшының қатысуына рұқсат етті. Ресей олимпиада құрамасындағы 387 спортшының 116-сы жарыстан түпкілікті шеттетілген.

4 тамызда ХОК жанынан құрылған арнайы комиссия Ресейдегі допингті жаппай қолдану және оны жасыру бағдарламасы бары туралы есеп жария болған соң жарыстардан шеттетілген ресейлік атлеттердің ісіне қатысты түпкілікті шешім шығарған. Бұған дейін кейбір халықаралық спорт федерациялары ресейлік кейбір спортшыларды Олимпидаға қатысудан шеттеткен еді. ХОК комиссиясы кейбір федерациялардың ол тыйымдарын жойған. Олардың арасында жүзу спорты атлеттері және олимпиада чемпиондары Владимир Морозов пен Никита Лобинцев бар.

Халықаралық бокс ассоциациясы да Олимпиадаға ресейлік 11 боксшының барлығы қатысатынын жариялады.

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты бүгін өтеді.

XS
SM
MD
LG