Accessibility links

Ауғанстанда тікұшақ апат болып, экипаж талибтер қолына түсті


Апатқа ұшыраған тікұшақ (Көрнекі сурет).
Апатқа ұшыраған тікұшақ (Көрнекі сурет).

Пәкістан билігі Ауғанстанда талибтер бақылайтын территорияда Пәкістан тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады. Тікұшақтың барлық экипажы мен жолаушылары, оның ішінде бір ресейлік содырлардың қолында. DawnNews агенттігінің мәліметінше, бортында жеті адам отырған үкімет тікұшағы жөндеуден өту үшін Өзбекстанға ұшып бара жатқанда ауған-пәкістан шекарасына және Пәкістанның Куррам тайпалық аймағына жақын ауданға құлаған.

Жеті адамның барлығы аман тірі қалғанымен, "Талибан" содырларының қолына түсіп қалған.

Пәкістан армиясының генералы Асим Бажва содырлар қолына түсіп қалғандар арасында отставкадағы әскери офицерлер және бір ресейлік ұшқыш барын айтады. Ол сонымен қатар билік Ауғанстандағы америкалық әскерилердің қолбасшысы Джон Николсонмен сөйлесіп, өздеріне тұтқындарды қайтаруға "барлық қолдан келген көмек" көрсетілетініне уәде етілгенін айтты.

TOLO News агенттігі тікұшақ Пәкістан әскерилеріне тиесілі болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG