Accessibility links

Алеппода үкімет әскері қоршау бұзылған соң қарсы шабуылға шықты


Алепподағы көтерілісшілер жасақтары. Сирия, 7 тамыз 2016 жыл.

Алепподағы көтерілісшілер жасақтары. Сирия, 7 тамыз 2016 жыл.

Сирия мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, әскери-әуе күштері Алеппо маңында көтерілісшілер шебіне соққы берді. Мұның алдында ғана көтерілісшілер үш аптаға созылған қала қоршауын бұзғанын мәлімдеген еді. Бір кездері Сирияның ең үлкен қаласы болған Алеппо үшін шайқас бес жылдан асқан соғыстың беталысына ықпал етуі әбден мүмкін. Соғыстан Сирияда 250 мыңнан астам адам қаза тауып, бір миллионға тарта адам босып кеткен.

6 тамызда бірнеше көтерілісшіл топтардан құралған альянс үкімет әскерін Рамусех ауданынан ығыстыруға әрекеттене бастаған. Егер көтерілісшілердің бұл әрекетінен нәтиже шықса онда қаланың жекелеген аудандарына гуманитарлық жүк жеткізуге мүмкіндік туады.

Мемлекеттік SANA агенттігі үкімет әуе күштері көтерілісшілер шептерін бомбалап жатқанын хабарлап, қоршаудың бұзылғаны туралы ақпарды жоққа шығарды. Үкімет әскері жағында соғысып жатқан Ливанның шииттік "Хезболла" тобының өкілдері қарсы жақтың шабуылға шыққанын мойындап, әскер шегінген соң авиация әскери колледжді жермен-жексен еткенін айтты.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымы France Press агенттігіне қаладан шығысқа қарай шығатын жол тым қауіпті екенін, ал Алеппода қақтығыс пен әуе шабуылы жалғасып жатқанын айтқан. Алеппоны қоршау 17 шілдеде басталған. Түрлі мәліметтер бойынша, қалада 250 мыңға дейін бейбіт тұрғын бар.

XS
SM
MD
LG