Accessibility links

Жапония императоры: Монарх қызметін атқаруым қиындап барады


Жапондықтар император Акихитоның телеарнадан жасаған үндеуін тыңдап тұр. Токио, 8 тамыз 2016 жыл.

Жапондықтар император Акихитоның телеарнадан жасаған үндеуін тыңдап тұр. Токио, 8 тамыз 2016 жыл.

Жапония императоры Акихито жасы келіп қалғанына және денсаулығына байланысты император міндетін атқаруы қиындап бара жатқанына алаңдап, видео үндеу жасады.

8 тамызда жасаған үндеуінде 82 жастағы император тақтан бас тартатыны туралы ашық айтпады. Ол мұрагерлік процесін қалай барынша жеңіл өткізу мәселесін талқылау қажетін мәлімдеді.

Өткен айда NHK телеарнасы жүрегіне операция жасатып, қуық безі қатерлі ісігінен емделген Акихито алдағы бірнеше жылда отставкаға кеткісі келетінін хабарлаған. Императордың өз еркімен тақтан кетуі бұрын-соңды Жапония тарихында болмаған және ол ешқандай заңдық процедураға сыймайды.

Жапонияда құдайылық тұлға саналатын император ел конституциясында "халық бірлігінің" символы ретінде көрсетілген және оның ешқандай саяси билігі жоқ.

XS
SM
MD
LG