Accessibility links

Қазақстандық үш боксшы олимпиаданың 1/4 финалына шықты


 Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Энтони Фоулерден басым түскен сәт. Рио-де-Жанейро. 8 тамыз 2016 жыл.
Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Энтони Фоулерден басым түскен сәт. Рио-де-Жанейро. 8 тамыз 2016 жыл.

Рио олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық боксшылардың үшеуі ширек финалға шықты.

49 килограмда Біржан Жақыпов намибиялық Матиас Хамуньеланы 3:0 есебімен жеңді. Енді ол ширек финалда өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен кездеседі.

75 килограмда Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Энтони Фоулерден басым түсті. Үш төреші де жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

91 килограмда Василий Левит 21 жастағы қытайлық қарсыласы Ю Фенкайды жеңді. Кездесудің екінші раундында Қытай бапкерлері кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Алдағы күндері рингке Қайрат Ералиев, Абылайхан Жүсіпов, Олжас Сәттібаев, Данияр Елеусінов және Иван Дычко шығады.

Осыған дейін 60 килограмда бокстасқан Берік Әбдірахманов бірінші айналымда Карлос Вальдерастан (АҚШ) жеңіліп, жарысты аяқтаған.

XS
SM
MD
LG