Accessibility links

Путин: Иран және Әзербайжанмен Каспийдегі жобаларды талқылауға дайынбыз


Ресей, Иран және Әзербайжан президенттері (солдан оңға қарай) Владимир Путин, Хассан Роухани және Ильхам Әлиев. Баку, 8 тамыз 2016 жыл.
Ресей, Иран және Әзербайжан президенттері (солдан оңға қарай) Владимир Путин, Хассан Роухани және Ильхам Әлиев. Баку, 8 тамыз 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан және Иранмен Каспий теңізі аймағында жаңа энергетикалық және транспорттық жобаларды талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Бакуде 8 тамызда Иран және Әзербайжан президенттері Хассан Роухани және Ильхам Әлиевпен бірінші рет үш жақты кездесуінде айтты. Президенттер мұндай жаңа форматтағы кездесу байланысты жақсартуы тиіс деп санайды.

Келіссөз Әзербайжан және Иран арқылы өтетін жаңа транспорт өткелін салуға жаңа дем береді деп күтіліп отыр. Үш ел билігі бұл маршрут транспорт шығынын кәдімгідей азайтып, сауда-саттықтың дамуына, әсіресе Ресейден Үндістанға жөнелтілетін жүк көлемінің артуына ықпал етеді деп үміттенеді.

Бұған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесуінде Владимир Путин үш жақты келіссөз үш елдің Каспий теңізінде жаңа жобаларды іске асыруына мүмкіндік тудыратынын мәлімдеген.

Иран президенті Хассан Роуханимен кездесуінде Путин Мәскеу мен Тегеран арасындағы екі жақты экономикалық байланыстардың даму қарқынына көңілі толатынын айтқан.

Ресей ұзақ уақыттан бері Иранның экономикалық әріптесі саналады және Батыс елдерінің Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылығына қарамастан бұл елге ядролық технология мен отын жеткізетін басты ел.

Путин сонымен қатар кездесуде "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мен басқа да экстремистік топтардан қауіп барын білдіріп, үш ел бұл қауіппен және басқа да қатерлермен күресте барынша жақын ынтымақтастық орнату керегін айтты.

XS
SM
MD
LG