Accessibility links

Алматыдағы шабуылда жараланған тағы бір полиция қызметкері көз жұмды


Алматыда полиция қарулы шабуыл жасады деген күдіктіні ұстап жатыр. 18 шілде 2016 жыл.

Алматыда полиция қарулы шабуыл жасады деген күдіктіні ұстап жатыр. 18 шілде 2016 жыл.

Алматыда 18 шілдедегі қарулы шабуылдан жараланған тағы полиция қызметкері Жалғас Келдібаев қайтыс болды деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі.

ІІД мәліметіне қарағанда, 1992 жылы туған Жалғас Келдібаев бүгін таң ата №12 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған. Дәрігерлер жараланған кездегі оның денсаулығын аса ауыр деп бағалаған.

Полиция сержанты Жалғас Келдібаев ІІД жол-патрульдік полициясы қызметінде 2014 жылдан бері жұмыс істеген. ІІД марқұмды үйленбеген дейді.

18 шілдеде Алматыда полиция бөлімі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне жасалған қарулы шабуыл салдарынан қаза тапқандардың саны осымен сегіз адамға жетті. Олардың алтауы - полиция қызметкері. Шабуыл кезінде және одан соң көшеде қарудан оқ атылып, әуелде үш полицей мен шекара қызметінің бір сарбазы және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Сегіз адам жараланып ауруханаға түскен.

Қылмысқа күдікті ретінде Алматы облысының тұрғыны, 1990 жылы туған Руслан Күлекбаев ұсталып, екі айға қамалған.

XS
SM
MD
LG