Accessibility links

АҚШ Ресей мен Украинаны жағдайды одан ары шиеленістірмеуге шақырды


АҚШ-тың Украинадағы елшісі Джеффри Пайетт.

АҚШ-тың Украинадағы елшісі Джеффри Пайетт.

АҚШ Мәскеудің "Қырымда украин арнайы қызметінің зымияндық әрекеттер жоспарлағаны" туралы мәлімдемесінен соң Украина мен Ресей арасындағы шиеленістің күрт күшейгеніне "қатты алаңдайтынын" мәлімдеді.

Киев Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің "Қырымдағы зымияндық әрекет" туралы айыбын жоққа шығарып, оны "Украинаға қарсы жаңа әскери доқ көрсетуге сылтау" деп атаған. Украина осыған байланысты Қырыммен шекарадағы әскерін жоғары дайындыққа келтірді. Ал Ресей қауіпсіздік шарасын күшейтіп, Қара теңізде жаңа әскери теңіз жаттығуын бастайтынын жариялады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Элизабет Трюдо екі елді 11 тамызда "онсыз да қауіпті шекте тұрған жағдайды" одан сайын шиеленістіретін кез-келген әрекеттен аулақ болуға шақырды. Мұның алдында АҚШ-тың Украинадағы елшісі Джеффри Пайетт Ресейдің Киевті "Қырымда жаңа террор ұйымдастырмақ" деп айыптап, Украинаға жаңа басқыншылық жасауына негіз болатын еш дәлел жоғын мәлімдеген. Украина президенті Петр Порошенко шиеленіс күшеюіне байланысты Ресей президенті Владимир Путинмен және бірқатар Батыс елдерінің басшыларымен сөйлескісі келетінін білдірді.

XS
SM
MD
LG