Accessibility links

Анкара: Мәскеумен қатынасты Батыстың ұстанымына қарамастан жақсартамыз


Ресей мен Түркия тулары (Көрнекі сурет).

Ресей мен Түркия тулары (Көрнекі сурет).

Түркияның Ресейдегі елшісі Үміт Ярдим Мәскеудің Батыс елдерімен арасы шиеленісіп тұрғанына қарамастан Түркия Ресеймен байланысын нығайта беретінін мәлімдеді.

"Ресеймен қарым-қатынасымыз біз үшін өте маңызды және біз байланысты дамытуға қолдан келгеннің барлығын жасаймыз. Біз қарым-қатынасты Батыс елдері қалай ма, жоқ па, оған қарамастан жақсартамыз" деді Үміт Ярдим Мәскеуде өткен баспасөз конференциясында.

Ол "НАТО Түркияның басқа елдермен байланысын ешқандай жолмен шектей алмайтынын" айтты. Елшінің сөзінше, Түркия билігі Сирияның қазіргі басшылығы Сирия дағдарысын рететуге арналған келіссөзге қатыса алатынына сенеді.

Бірақ Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу 11 тамызда NTV телеарнасына берген сұхбатында президент Башар Асад тұрғанда Сириядағы биліктің саяси жолмен алмасуы мүмкін емесін айтқан. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 9 тамызда Мәскеуге барғанында Анкараның Сирия дағдарысын реттеуде Ресеймен ынтымақтастыққа дайын екенін білдірген.

Түркия мен Ресей Сирия дағдарысында қарама-қайшы ұстанымда. Анкара Асадқа қарсы соғысып жатқан көтерілісшілерді қолдайды. Ал Мәскеу Сирия үкіметін қолдайды және оған әскери көмек көрсетеді.

XS
SM
MD
LG