Accessibility links

Фидель Кастро өзінің 90 жылдық мерейтойына арналған шараға қатысты

Кубаның бұрынғы басшысы Фидель Кастро (ортада), оның інісі, Куба президенті Рауль Кастро (сол жақта) және Венесуэла президенті Николас Мадуро Фидель Кастроның 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шарада отыр. Гавана, 13 тамыз 2016 жыл.

Кубаның бұрынғы басшысы Фидель Кастро тамыздың 13-і күні өзінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға қатысты деп хабарлайды ВВС.

Соңғы жылдары көпшіліктің көзіне түсе бермейтін Фидель Кастро Гаванадағы Карл Маркс атындағы театрда өткен шараға өзінің інісі, Кубаның қазіргі жетекшісі Рауль Кастромен және Венесуэла президенті Николас Мадуромен бірге қатысқан. Мерекелік шара кезінде ол отырған орнынан қозғалмаған және жүзі дерт нышанын білдіріп тұрды деп хабарлайды ВВС.

Театрда Фидель Кастроның өмірі мен Куба революциясының маңызды кезеңдеріне арналған қойылым көрсетілген. Кейін мерекелік шаралар түн ортасына дейін көшеде жалғасқан, бірақ оған Кастро қатыспаған.

Бұған дейін Фидель Кастро көпшілік алдына биыл сәуір айында шыққан еді.

Ол 2008 жылы денсаулық жағдайына байланысты мемлекетті басқаруды інісі Рауль Кастроға тапсырған.

XS
SM
MD
LG