Accessibility links

Америкалық жүзгіштер Риода өздерін тонағанын мәлімдеді


Америкалық жүзгіш Райан Лохте.

Америкалық жүзгіш Райан Лохте.

Америкалық жүзгіш Райан Лохтенің NC телеарнасына айтуынша, Рио-де-Жанейрода түнде өзін "полиция қызметкерлері" ретінде тоқтатқан белгісіз адамдар тапаншамен қорқытып, тонап кеткен. Бұған дейін АҚШ-тың Олимпиада комитеті Лохте мен өзге екі жүзгіштің 14 тамыз күні таң ата тоналғанын хабарлаған.

Лохтенің айтуынша, қарулы адамдар спортшылар отырған таксиге полиция құжатын көрсетіп, тоқтауға мәжбүр еткен. Ол тонаушылар өздеріне жерге жатуға бұйырғанын, спортшылар бас тартқан соң басына тапанша тақағанын айтады. Қарулы адамдар Лохтенің әмиянын алып кеткенімен, ұялы телефонына тиіспеген.

АҚШ Олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, спортшылар тоналатын кезде француз құрамасының қонақүйіндегі сауық кешінен соң өздері тұрып жатқан қалашыққа қайтып келе жатқан.

Лохте Рио Олимпиадасында 200 метрге еркін стильде эстафета жарысында алтын медаль алған. Осы кезге Рио Олимпиадасы кезінде осымен бірнеше рет тонау оқиғасы болды.

XS
SM
MD
LG